ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асты

Нұр-Сұлтанда қар былтырғыдан 55% көп шығарылды - Көлгінов

Биыл қыс басталғалы 2 млн текше метрден астам қар шығарылған

Астана әкімі Алтай Көлгінов қала көшелерін аралап, қар тазалауға шыққан коммуналдық қызметтің түнгі ауысымының жұмысын тексерді, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі. 

Қаланы қардан тазалауға күн сайын 1 мыңнан астам техника мен 2 мыңға жуық жұмысшы шығады. Алдымен мектептерге, медорталықтарға, балабақшалар мен әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар мен көлік жолдары тазартылады.

Бір күнде КамАЗдар орташа есеппен 2,5 мың рейс жасайды. Қысқы кезеңнің басынан бастап 2 млн текше метрден астам қар шығардық, бұл 170 000 рейс, деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі. ⠀

«Қала кеңейіп келеді. Коммуналдық қызметтер 3 ауысымда жұмыс істеп жатыр. Өткен қыспен салыстырғанда, осы маусымда 700 мың текше метр қарға көп шығарылды (бұл 55% - ға көп). Қалада барлығы 4 қар полигоны жұмыс істейді, оның 2-еуі толды. Орнына тағы 2-еуі ашылды», - деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, шаһар басшысы коммуналдық қызметтер паркін жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстың жүргізіліп жатқанын айтты.