$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Рамазан айында елорда мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды

Биыл Рамазан айы 2 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді

Рамазан айында елорда мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды
Фото: astanagid.kz

Рамазан айында елорда мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

"Биыл Рамазан айы 2 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді. Қазіргі таңда елордадағы 12 мешітте Рамазанға қызу дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Елорда әкімдігі 2 сәуірден бастап ораза аяқталғанша қаладағы ірі мешіттерге түнгі автобустар қатынасын қамтамасыз етуді қолға алды. Түнгі автобустар елордадағы 5 мешітке, атап айтсақ, Әзірет Сұлтан мешіті, Әбу Насыр әл-Фараби мешіті, Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті, Рыскелді қажы мешіті және Раиса ана мешітіне қатынайтын болады", – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ведомство өкілі Рамазан айына қатысты кез келген сұрақ бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 109 колл-орталығына хабарласуға болатынын еске салды.

Серіктес жаңалықтары