$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Delta Bank» АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды

Қылмыстық іс сотқа жолданды, айыпталушылар қамауға алынды. 

«Delta Bank» АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды
Фото: kaztag.kz

Қаржы мониторингі агенттігі «Delta Bank» АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2012-2017 жылдар аралығында Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің рейтингіне кірген Тілеубаев қайтарымсыз кредиттер беру арқылы банктің ақша қаражатын шығарғаны анықталды. Ол Delta Bank акцияларының 9,85% - ын иеленген.

Қаржы мониторингі агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаеваның айтуынша, қылмыстық іс сотқа жолданды, айыпталушылар қамауға алынды. 

«Қылмыстық әрекеттен келген шығын 200 млрд теңгеден астам, 200 млн доллар және 4 млн еуроны құрайды. Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының жалпы құны 48 миллиард теңгеден асатын мүлкіне, 5 қант зауытына, 20-дан астам жер теліміне, 70 жылжымайтын мүлік объектісіне және 40 көлік кепілдікке алдынды. Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Ресей Федерациясында, Латвия мен Чехияда орналасқан активтерге тыйым салынды»,- дейді Салтанат Көшербаева.

Серіктес жаңалықтары