30 наурызға арналған ауа райы болжамы
Республикамыздың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады
Синоптиктер 30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК хабарламасына сілтеме жасап.
«Солтүстік-батыс циклон ҚР солтүстігіне, шығысына және орталығына әсер ететін болады, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде, түнде елдің оңтүстік-шығысында, шығысында қатты жауын - шашын жауады. Батыс және оңтүстік өңірлер жауын-шашынсыз ауа райы болатын антициклонның ықпалында болады. ҚР бойынша тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын, оңтүстік – батыста шаңды дауыл соғады», - делінген хабарламада.
Ақмола облысында облыстың оңтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында тұман түседі, желдің күшеюі 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 23-28, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 30 м/с жел соғады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің күшеюі 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, солтүстікте, батыста, оңтүстікте желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі, желдің күшеюі 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, түнде 30 м /с дейін жетеді.
Ақтөбе облысында көктайғақ болады, түнде желдің күшеюі басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с соғады.
Атырау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл соғады, түнде желдің күшеюі 15-20, шығыста және облыс орталығында екпіні 23-28 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауылмен 15-20 м /с жел күшейеді.
Алматы облысында түнде және таңертең облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с болады.
Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, облыстың таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында жел күшейеді, түнде және таңертең таулы аудандарда 15-20 м/с күшейеді.