$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.01.2020, 02:09
Жаңалықтар

Алматыдағы қисайған үйдің тұрғындары баспанасына кіруден бас тартты

Жетпіс екі пәтерлік көпқабатты үйде қазір ешкім тұрмайды

Алматыдағы қисайған үйдің тұрғындары баспанасына кіруден бас тартты
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда бір айдан астам уақыт артқа қарай шалқайып тұрған тоғыз қабатты үй тұрғындарының айтуынша, Зерделі ықшам ауданындағы үйде келер айдан бастап қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бірақ бұған дейін пәтерінен көшірілген тұрғындар баспанамызға «қайтып келмейміз» дейді. Тіпті ашулы тұрғындар баспананың ақшасын нарық бағасымен қайтарып беруді немесе өзге пәтер сұрап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жетпіс екі пәтерлік көпқабатты үйде қазір ешкім тұрмайды. Тұрғындардың бәрі әкімдік уақытша жалға алып берген пәтерлерді паналап жүр. Егер үй иесі қандай да бір керек-жарағын алуға келсе, тек полицияның рұқсатымен табалдырықтан аттай алады. 

Зерделі ықшамауданында бір жағына қисайған үйден отбасымен үдере көшкендердің бірі – Эльмира Әлімжанова. Баспанасына үрейлене бас сұққан келіншек қабырғадағы сызаттың күн санап көбейгенін айтады. Ал мемлекеттік бағдарламамен әрең қолы жеткен баспанасының болашағына алаңдағандар атқамінерлер «жанайқайымызды жүре тыңдайды» дейді. 

«Сыни межесі ол кезде 7,5 сантиметр болған, ал қазір 13,7. Бұл қалыптан жоғары. «Апатты үйде мойындайсыздар ма?» десек, «жоқ»- дейді», деді Эльмира Әлімжанова. 

Тұрғындардың айтуынша, жергілікті шенеуніктер құрылыс кезінде бірқатар талаптың бұзылғанын анықтапты. Тіпті бетон маркасы сәйкес келмеген көрінеді. Ал үйдің апатты жағдайда екенін мойындауды талап еткен тұрғындар басқа баспана беруін сұрайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы Зерделі-6 ықшамауданындағы №179 үй қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін үй одан әрі пайдалануға жарамды болатынын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары