21.01.2020, 01:45
Жаңалықтар
«Зенит» Исламхан соққан голдың видеосын жариялады
Команда футболшылары жаттығуда екіге бөлініп, ойын өткізген
Фото: «Зенит» ФК
Ресейлік «Зенит» Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның гол соққан сәтін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Команда футболшылары жаттығуда екіге бөлініп, ойын өткізген. Исламхан матч барысында қақпашымен бірге-бір шығып, гол соқты. Голдың видеосын «Зениттің» баспасөз қызметі Instagram желісінде «сторизге» жариялады.
Исламханның «Зенитке» қаралымға келгені 17 қаңтарда хабарланған, келесі күні ол Катардағы жиында алғашқы жаттығуына қатысты.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді