$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық экономика министрі дағдарысқа қарсы шараларда қандай бағыттар көзделгенін айтты

Фермерлерге жанар-жағармай материалдарының қажетті жеңілдікті көлемі бөлінеді

Ұлттық экономика министрі дағдарысқа қарсы шараларда қандай бағыттар көзделгенін айтты
Фото ашық дереккөзден

«Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы» оныншы бағыт бойынша 5 іс-шара іске асырылатын болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әлеуметтік-экономикалық жағдай үшін туындайтын тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында дағдарысқа қарсы шаралар жоспарының жобасы әзірленді. Ол қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, инфляцияны бақылау және төмендетуге, көлік-логистикалық тізбектегі алшақтықты қысқартуға, сыртқы сауда қызметін қолдау және ынталандыруға, экономика салаларын қолдау және инвестициялар тартуға бағытталған», - деді министр.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі егіс науқанын сапалы жүргізу қамтамасыз етілетінін, оның ішінде фермерлерге жанар-жағармай материалдарының қажетті жеңілдікті көлемі бөлінетінін де атап өтті. Бұл ретте ауыл шаруашылығы техникасының, тұқым және тыңайтқыш қорларының дайындығы тексеріледі.

Бұдан басқа, саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқарудағы құрылымдық реформалардың жаңа топтамасын дайындау жоспарланып отыр.

«Ұлттық экономика министрлігі орталық және жергіліктік атқарушы органдармен бірлесіп, Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының уақытылы және сапалы орындалуын, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сонымен бірге іс- шаралардың іске асырылуына тұрақты мониторингті қамтамасыз ететін болады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары