Нұр-Сұлтанда жас жігіт аулада тұрған көлікті ұрлап, сатып жіберген
Автокөлік қосалқы бөлшектеліп сатылып кеткен

Нұр-Сұлтанда жас жігіт ақауы бар көлікті ұрлап оны сатып жіберген. Бұл туралы Azattyq Rýhy қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақан сері көшесінің бойында 18 жастағы жігіт аулада тұрған ВАЗ-2114 маркалы ақаулы автокөлікті байқаған.
Көлікті тұрақтан ұрлау үшін ол танысының көмегіне жүгініп, автокөліктің иесі екеніне сендіріп, сүйреп апаруды сұраған. Содан кейін ол автокөлікті сатып алушыға жеткізіп, 110 мың теңгеге сатқан.
Полицейлер атап өткендей, автокөлік ұзақ уақыт бойы тұрғын үйдің жанында ашық тұрған, бұл оған ұрлық жасауына еш қиындық тудырмаған. Автокөліктің иесі бір аптадан кейін көлік ұрланғанын байқаған соң ғана кейін полицияға жүгінген.
Жедел іздестіру шаралары барысында 18 жастағы күдікті ұсталып, ол өз кінәсін мойындады. Ұрлық болған жерде орнатылған бейнебақылау камераларының арқасында күдіктінің ізіне түсу мүмкін болды. Тергеу барысында анықталғанындай, автокөлік қосалқы бөлшектеліп сатылған, полиция қызметкерлері тек жүк салғышын ғана алып үлгерді.