Павлодарда борышкерлер 377 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс
Облыста «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Павлодар облысында борышкерлер 377 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Polisia.kz.
28 наурыздан бастап Павлодар облысы Полиция департаменті мен арнайы топ құрамына кірген полиция, прокуратура, салық органдары қызметкерлері мен сот орындаушылары бастаған «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы аймақ бойынша рейдтік шолулар өткізуде. Борышкерлердің пәтерлерін аралау жүзеге асырылады.
«Алдын алу іс-шарасының басты мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды төлемейтін борышкерлерді анықтап, әрекет ету. 25 наурызға дейін іс-шараның нәтижесі бойынша Полиция департаменті бөлімшелері борышкерлерге салынған айыппұлдың жалпы соммасы – 377 млн теңгеден астам», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Борис Әлімбаев.
Полицейлер төлемеген айыппұлдарды «eGov mobile» қосымшасы арқылы тексеруге болатынын атап өтті. Алдын алу іс-шарасы 31 наурызға дейін жалғасады.