$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан азаматы өзге елдегі соғыс қимылдарына қатысатын болса 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

Ал қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін жалған ақпарат таратқандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады 

Қазақстан азаматы өзге елдегі соғыс қимылдарына қатысатын болса 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады
Фото: Kapital.kz

Бас прокуратура Қазақстан азаматы басқа мемлекеттердің аумағында соғыс қимылдарына қатысқаны үшін жауапкершілік тартылатынын яғни, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан азаматының шет мемлекет аумағындағы соғыс қимылдарына қасақана құқыққа қайшы қатысуы, сол сияқты ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстанның тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуға жария түрде шақыру қылмыстық жазаланатын әрекеттер болып табылатынын (ҚК-нің 172, 174, 180-баптары) және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыратынын түсіндіреміз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат таратқан үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеміз,- делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары