ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Шымкент қаласынан Қазақстанда тіркелмеген дәрілер табылды

Шымкент қаласының прокуратурасы шаһардағы жасырын қоймалардан еш жерде тіркелмеген 83 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін тәркіледі

Фото: ашық дереккөзден

Осыға орай, қылмыстық іс қозғалып, Шымкент қаласындағы экономикалық тергеу департаменті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған қоса, мемлекеттен науқастарға тегін беруге бөлінген дәрілердің ұрланғаны анықталып, қазынаға 7,7 млн теңге көлемінде шығын келтірілген.

«Ұрланған дәрілердің ішінде Өзбекстаннан табылған «Insulin Lantus SoloSTAR» дәрісі де бар. Қазір бұл іспен Шымкент қаласының экономикалық тергеу департаменті айналысып жатыр. Қылмыстық кодекстің 180 бабының 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хатына сүйенсек, ол дәрілер Шымкент пен Түркістан облысындағы 5 аурухананың науқастарына арналған. Бұл жерде бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Оның бірі сол аурухана қызметкері, «фраксипарин» дәрісін алған медбикеге қатысты қылмыстық іс былтыр қыркүйекте тоқтатылды. Өйткені ол, 835 мың теңге көлемінде келтіріген шығынын өтеді», - дейді Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Бахтияр Мұхамеджанұлы.

Сонымен қатар, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, Өзбекстан елінен табылған 90 дана «Insulin Lantus SoloSTAR» дәрісі тек Шымкент қаласындағы медициналық мекемелерге ғана емес, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарындағы медициналық мекемелерге де тегін таратылған екен. Бүгінде осы төрт өңірде де аудитттік тексеру жұмыстары басталған. Прокурорлар тексеру нәтежисін БАҚ өкілдеріне хабарлайтынын жеткізді.

Арай Есенбек, Шымкент