БҚО жұртшылығы «AMANAT» партиясына қандай мәселелермен жүгінеді?
Мүгедек жандар жиі жүгінеді
«AMANAT» партиясының БҚО филиалы өңір жұртшылығы қандай өтініштермен жүгінетіні туралы мәлім етті.
Наурыз айында «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалдарына өңір тұрғындары түрлі мәселелермен жүгінеді. Мысалы, өткен жылдың сәуір айында Жаңақала аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөліміне Жаңақала ауылының тұрғыны мүмкіндігі шектеулі азамат, І топ мүгедегі үйіне интернет желісін тартып беру бойынша мәселесін шешіп беруге көмек сұрап жолыққан болатын. Бұл өтініш бойынша Жаңақала аудандық мәслихат депутаты Ж.Гумаров жауапты мекемемен байланысқа шығып, шешімін тапты. Аудандық телекомуникация торабының маманы өтініш иесінің үйіне арнайы барып, интернет желісін орнатып беріп кетті.
Сырым ауданы, Жымпиты ауылының тұрғыны, ІІІ топ мүгедегі өзіне тапсырыспен тігілген ортопедиялық аяқ киімінің өлшемі келмейтінін, сапасы төмен, жарамсыз материалмен тігілгенін, тиісті мекемеге шағымданғанмен нәтиже жоқ екенін, жаңа аяқ-киім керек екенін айтып аудандық мәслихат депутатынан көмек сұраған болатын. Оның мәселесін Сырым аудандық мәслихат депутаты Аида Ниязғалиева аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып, жабдықтаушы мердігер компания ортопедиялық аяқ-киімдерді қайта тігіп берді.
Сонымен қатар, Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Лариса Қайырғалиеваның қабылдауына келіп, зейнеткер мүгедек баласының зейнет ақысын сенімхат арқылы алып отырғанын және тек бір жылға берілетіндіктен мерзімі біткенін айтып көмек сұрады. Аудан орталығына баласымен бірге барып-келу қиынға түсетінін айтып, нотариуске жете алмай отырғанын айтқан болатын. Бисен ауылдық округі әкімшілігінде қызмет ететін қызметкер еңбек демалысына кетуге байланысты қазіргі таңда міндетін атқарушы маманның жоқтығы да қиындық тудырып отыр. Бір ай болса да баласының мүгедектік ақшасын уақытылы алғысы келетінін айтты. Бұл проблема бойынша аудандық мәслихат депутаты көрші Мұратсай ауылдық округі әкімдігіндегі мамандарға хабарласып, сенімхат бойынша көмек көрсетуді сұрады. Мамандардың көмегімен Бисен ауылдық округіне барып, өтініш иесіне сенімхат жазып берді.
Наурыз айында облыстағы ауа райының қолайсыздығына орай жол қатынасы қиындаған болатын. Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі ЕрмекМендешовке Бисен ауылының тұрғыны хабарласып, Орал қаласымен аудан орталығына қатынайтын жолдың (балшық су басқан жол) ауа райына байланысты нашар болып кеткендіктен Бисен ауылдық округі әкімдігінің құрған штатына қосылуға көмек сұрады. Жолда қалып қойған машиналарға жәрдем беру үшін техникамен көмек көрсетуді сұрады. Бұл өтініш бойынша Бисен ауылдық округінің әкімі аудан тұрғындарын жолда қалдырмау үшін құрылған топқа қосылып, жеке техникасымен көмек көрсетіп, балшықтан шыға алмай тұрған машиналарды сүйреп шығарды. Алдағы уақытта да ауыл, аудан тұрғындары үшін көмек көрсететінін жеткізді.
Орал қаласының қоғамдық қабылдау бөлмесіне қала тұрғыны Н.Горбунова үйіне құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін материалдық көмек көрсетуді сұрайды. Бұл өтініш бойынша «AMANAT» партиясы Орал қалалық мәслихат депутаты В.Голоухов өтініш иесін тыңдап, аталған мәселе бойынша көмек көрсететіні туралы айтты. Нәтижесінде В.Голоухов мән-жайды анықтап, көмек көрсетті.
Осы жылдың ақпан айында Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Нұрғазы Сәтбаевтың қабылдауына қала тұрғыны, әрі Журналистер одағының ардагер мүшесі Амангелді Ақмурзин келген болатын. «Сотвори свою судьбу» атты авторлық кітабы жөнінде айтып, қазіргі кездегі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы екендігін баяндады. Депутаттан кітапты таратуға көмек көрсетуді сұрады. Нұрғазы Сәтбайұлы өтініш иесі өзімен бірге алып келген кітабын қарап шығып, кітап оқуға жеңіл, жатық жазылғандығын айтып, 100 дана кітапті алатынын жеткізді. Облыстық мәслихат депутаты 100 кітапты өзі төрағалық ететін «Uniserv» клиникасында жұмыс істейтін әйелдер қауымына сыйға тартты.
Наурыз айының басында Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Ермек Мендешовке хабарласып, Бисен ауылының тұрғыны, жалғызбасты әке, lll топ мүгедегі Амангелді Майтақов үйіне газ кіргізе алмай жүргенін айтып көмек сұрады. Бұл мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты бастама танытып, ауыл тұрғындары, жеке қожалық иелері, мекеме ұжымдары, ауыл жастары бірігіп, қаржылық қор жинақтаған соң көгілдір отынды үйіне орнатып берді.