$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордадағы емханаларда ұзын-сонар кезек қалай пайда болады?

Пациенттер алдын ала жазылғанмен емханада кезек күтіп тұрады

Елордадағы емханаларда ұзын-сонар кезек қалай пайда болады?
Фото ашық дереккөзден

Аясы тар маманның кеңесін алу үшін қанша уақыт күту керек және неліктен емханаларда ұзын-сонар кезек пайда болады? БМСК ұйымдарында медициналық көмек көрсету жайлы және өзге де сауалдарға №4 қалалық емхананың медициналық көмек көрсету сапасын бақылау қызметінің басшысы Гүлнар Әзімжанова жауап берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әлемдік денсаулық сақтау жоспарлы түрде жұмыс істеуге көшіп жатыр. Сондықтан дәрігерлер алдын ала жазылу бойынша қабылдайды. Сол сияқты төтенше жағдайларда ғана дәрігердің қабылдауына жазылмай-ақ баруға болады. Консультациялық-диагностикалық қызметті 10 күнге дейін күту қалыпты жағдай болып саналады.

«Қазір COVID-19 індеті азайған кезде емханамызда аясы тар маманның қабылдауына кіру үшін 3-4 күн, ал кейбір дәрігерлерді 8-9 күн күту керек. Ең ұзақ күту – 10 күн, өйткені жалғыз ғана онкологымыз бар. Қазір екінші онколог іздеп жатырмыз. Онкологтарды табу өте қиын», - деді ол.

Пациенттер алдын ала жазылу бойынша келген болса да емханада кезекке тұрып жатады. Гүлнар Әзімжанованың айтуынша, мұндай жағдай әдетте кезексіз, шұғыл жағдайда қабылдау болған күндері туындап жатады. Сондай-ақ, егер дәрігер өзге учаскелердегі науқастарды қабылдаса немесе белгілі бір себептерге байланысты жұмысында жоқ аясы тар маманға жазылғанда болады.

«Егер учаскелік дәрігер денсаулығына байланысты жұмысында болмаса, онда көрші учаскенің дәрігері қабылдайды. Мобильді қосымшада басқа дәрігердің қабылдауына жазылу қолжетімді екені көрсетіледі. Егер науқас дәрігерге алдын ала жазылып, оның жұмысында жоқ екенін білмесе, бөлім меңгерушісіне жүгінуі қажет. Сонымен қатар, тіркеу бөлімінің қызметкерлері учаскелік дәрігерге тіркелу кезінде көмек көрсетеді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары