Қазақстанда 10 күнде 350-ден астам қылмыскер қолға түсті – ІІМ
ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлесіп, «Іздестіру» операциясын өткізіп жатыр

ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлесіп, «Іздестіру» операциясын өткізді. Операция барысында республиканың криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін іздеудегі қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы операцияларды өткізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Операцияның 10 күнінің қорытындысы бойынша іздестірудегі 353 қылмыскер анықталып, ұсталған, оның ішінде кісі өлтірген үшін – 11, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 17, қарақшылық шабуылдар жасағаны үшін – 5, тонаулар – 8 және қорқытып алу жасағаны үшін – 1 адам анықталып, ұсталды, оның ішінде:
- республикадан тыс – 39 (Ресейде – 23, Өзбекстанда – 8, Қырғызстанда – 4, Тәжікстанда, Польшада, Монғолияда және Латвияда 1-ден);
- Достастық елдері үшін – 152 (Ресей – 101, Өзбексстан – 24, Қырғызстан – 19, Түрікменстан – 4, Белорусь – 3 және Тәжікстан үшін – 1), Грузия мен Оңтүстік Корея үшін 1-ден.
Сонымен қатар, 122 хабар-ошарсыз жоғалғанның тұрған жері анықталды, оның ішінде 4-еуі ТМД елдерінің іздестіруіндегі (РФ – 3 және Өзбекстан – 1), 3 танылмаған мәйіттің жеке басы сәйкестендірілді.