$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қар жауып, бұрқасын болады: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Республикамыз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, қатты жел болады деп болжайды

Қар жауып, бұрқасын болады: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Жаңа жер аумағынан Қазақстанның солтүстік өңірлеріне ойысып жеткен циклон 2022 жылы 24-26 наурыз аралығында қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне әкеліп соғады, деп болжайды "Қазгидромет". 

Сонымен қатар, Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс аудандарына солтүстік-батыс антициклоны өз ықпалын сақтап отыр, бұл өңірлерде жауын-шашынсыз, ашық күн райы сақталады.

25-26 наурызда Қазақстанның оңтүстік жартысында Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты жауын-шашын сипатындағы атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді, соған байланысты республикамыздың оңтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республикамыз бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте, шығыста, еліміздің орталығында бұрқасын болады деп болжанады.

Республикамыздың солтүстік жартысында түнгі ауа температурасы -2 ... -15 градус аяз болады, ал оңтүстік жартысында -3...-11 градустан 0...+8 градусқа дейін сынап бағаны көтеріледі, күндіз республикамыздың солтүстігінде 0...-9 градус аяз болады, ал оңтүстікте +7...+17 градус жылы болады деп күтіледі.

Серіктес жаңалықтары