Атырауда үш адамды атып өлтірген күдіктінің екі тапаншасы табылды

Azattyq Rýhy

Қазір тапаншалар сараптамаға жолданды

Атырауда үш адамды атып өлтірген күдіктінің екі тапаншасы табылды
Фото ашық дереккөзден

Атырауда үш адамды атып өлтірген күдіктінің екі тапаншасы табылды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еске сала кетейік, атыс 15 наурызда сағат 22:10 шамасында болған.

Полиция қызметкерлері аталған қылмысқа күдікті ретінде Маңғыстау облысының 1993 жылғы тумасын уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 «Күдікті ұсталған кезде тапаншасы болмаған еді. Полицейлер жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, 19 наурызда теректің түбінен екі тапаншаны тапты. Тапаншалар атыс болған шағын ауданда өсіп тұрған теректің бірінің түбіне жасырылған. Қазір екі тапанша сараптамаға жолданды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.