$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау-Астрахань тас жолындағы қозғалыс осы жылдың аяғына дейін жанданады

Ал келер жылы жол толығымен пайдалануға беріледі

Атырау-Астрахань тас жолындағы қозғалыс осы жылдың аяғына дейін жанданады
Фото ашық дереккөзден

Атырау-Астрахань тас жолындағы қозғалыс осы жылдың аяғына дейін жанданады. Ал келер жылы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атыраулықтарды ұзаққа созылған жол жөндеу жұмыстарының сапасы алаңдатып отыр. Мәжіліс депутаттарымен кездесуде өңір халқы басқа да қордаланып қалған мәселелерді көтерді. Бірақ солардың ішінде осы жол мәселесі өте өзекті болып отыр.

 Мысалы, Атырау-Астрахань тас жолы 1975 жылы салынған. Тозығы жеткен трассаны қалпына келтіру жұмыстары 2019 жылы басталды. Жөндеуге 87 миллиард теңге бөлінген. Бірақ жоба қате жасалғандықтан жөндеу әлі аяқталған жоқ.

Қарабау-Индер тас жолындағы жөндеу жұмыстары да қаржы жетіспеуінен әлі аяқталмаған. Депутаттар бұл мәселелерді назарға алып, депутаттық сауал жолдауға дайын екенін мәлімдеді.

 

Серіктес жаңалықтары