Қапшағайда тұрғын үй бағасы 40 пайызға қымбаттады
Екі бөлмелі үйлер бағасы 12 миллионнан 20 миллион теңгеге өскен

Қала облыс орталығы болады деген хабардан кейін Қапшағайда тұрғын үй 40% қымбаттаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Риэлторлардың мәліметіне қарағанда, әр шаршы метрі, орташа есеппен, 300 мың теңге болмақ.
Бір бөлмелі үйлер бұрын жеті миллион теңге болса, қазір 11 миллион теңгеден басталады. Екі бөлмелі үйлер бағасы 12 миллионнан 20 миллион теңгеге өскен.
Жылжымайтын мүлікті сатып алуға негізінен Талдықорған, Қаскелең және Шымкент тұрғындары қызығып отырғаны 31-арнаның жаңалықтарында айтылды.
Ал жалға беру бағасында әзірге өзгеріс байқалмайды. Бір бөлмелі пәтер 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін, екі бөлмелі пәтер — 125 мың, үш бөлмелі пәтер — 150 мың теңгеден.