Соңғы екі жылда прокуратура 200-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады
31 кәсіпкер мониторингілік топтар мен мемлекеттік органдардың әрекетіне қатысты шағым түсірді

Соңғы екі жылда прокуратура 200-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады. Бұл туралы Өскемен қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нартай Мұратов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
«Прокуратура туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге байланысты прокурорлардың кәсіпкер құқықтарын қорғаудағы өкілеттіктері кеңейтілген. Енді прокурорлар кәсіпкерлердің мемлекеттік органдардың араласу фактілері бойынша өтініштерін қарауға, олар бойынша тексерулер жүргізуге, қажетті ақпаратты сұратуға, заңсыз салынған шектеу және тыйым салу шараларының дереу күшін жоюға құқылы.
Нартай Мұратовтың айтуынша, ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып прокуратура жанынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ құрылған. Сол топқа 31 кәсіпкер мониторингілік топтар мен мемлекеттік органдардың әрекетіне қатысты шағым түсірді.