Ақтөбелік оқушы зорлық-зомбылықты ескертетін мобильді қосымша ойлап тапты

Azattyq Rýhy

Мобильді қосымша үшін Конституция және Қылмыстық, Әкімшілік кодекстердегі мәліметтер пайдаланылған

Ақтөбелік оқушы зорлық-зомбылықты ескертетін мобильді қосымша ойлап тапты
inform.kz

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы зорлық-зомбылықты ескертетін мобильді қосымшасына авторлық құқық алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тұрмыстағы зорлық-зомбылықты болдырмау үшін ақтөбелік оқушы біраз еңбектенді. Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Аян Қайырбек «UmaiAsar» мобильді қосымшасын ойлап тапты. Бұл мобильді қосымшаны қолдану үшін Android жүйесі қажет болады. Қосымшаға кірген кезде сенімді үш телефон нөрімін теру маңызды. Қажет болған жағдайда бұл нөмірлерге шұғыл хабарлама жіберіледі. Сонымен бірге мобильді қосымшаға кірген кезде бірден мекенжайы анықталады. Сөйтіп хабарлама жіберілген кезде мекенжайы да анық көрінеді.

«Мобильді қосымша зорлық-зомбылықты болдырмауға септігін тигізеді деп сенеміз. Адамдарға жедел медициналық, психологиялық көмек беру де маңызды»,- деді оқушының жетекшісі Шадияр Тажгуразов.

 Оқушы Аян Қайырбек пандемия басталғанда осы мобильді қосымшаны жасауға бекінген. Былтыр ІІМ мен ТЖМ ресми хат жолдап, 102 және 112 нөмірлеріне хабарлама жіберу үшін техникалық мүмкіндігін саралады. Өкінішке қарай бұл бағытта хабарлама жіберу мүмкін болмай тұр. Егер осы тетік іске қосылса, Аян Қайырбек мобильді қосымшасына қосуға мүмкіндік алады.

«Мобильді қосымша үшін Конституция және Қылмыстық, Әкімшілік кодекстердегі мәліметтерді пайдаландым. «UmaiAsar» қосымшасы болса бір тетікті басып, көмек шақыра алсыз. Оған байланыс аясында болу шарт емес. Сонымен бірге мұнда Қазақстандағы дағдарыс орталықтары, медициналық көмек пен заңнамалар кірістірілген»,- деді оқушы.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.