Алматыда заңсыз майнингпен айналысқандар ұсталды

Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Алматыда заңсыз майнингпен айналысқандар ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Алматы-1 стансасының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Құндызды стансасының теміржол трассасы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, майнингпен заңсыз айналысқандарды ұстады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент басшысы Оңал Бекиевтің айтуынша, көлік полициясының тексеруі кезінде криптовалюталарды шығаруға арналған 130 қорап тау-кен техникасы, сондай-ақ қатты дискілер мен жабдықтың қосалқы бөлшектері табылып, тәркіленді.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде», – деді полиция генерал-майоры.

 Әзірге Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын да ескертті.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.