$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҒМ желіде тараған ЛГБТ насихаттайтын сабақ өткізілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Министрлік мәліметінше, мұндай тақырыптарды насихаттау бойынша қандай да бір оқу бағдарламалары мен пәндер болмайды

БҒМ желіде тараған ЛГБТ насихаттайтын сабақ өткізілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде қазақстандық мектептерде болашақта «ЛГБТ дамыту» және ерте жыныстық ағарту бойынша сабақтар өткізілетіні туралы ақпарат таратылуда. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде таралған бұл ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде Қазақстанда оқушыларға арналған «ЛГБТ дамыту» және ерте жыныстық ағарту бойынша бағдарлама әзірленіп жатқаны туралы жалған ақпарат тарап кеткен. Мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл тағы бір фейк. Мұндай тақырыптарды насихаттау бойынша қандай да бір оқу бағдарламалары мен пәндер жоқ және болмайды да. Балаларды патриотизмге, еңбексүйгіштікке, отбасылық құндылықтарға үйрететін қазақстандық мұғалімдер мұндай бастамалар көтерген жоқ», – деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.

 

Серіктес жаңалықтары