Субсидия саласын реформалау кейінге қалдырылды
Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға қосымша қаражат бөлу мәселесі әлі пысықталуда

Субсидия саласын реформалау келер жылы жүзеге асатын болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің айтуынша, реформалаудың бірнеше нұсқасы ұсынылған. Алайда экономикалық тұрақсыздыққа байланысты кейінге қалдырылып отыр. Ал, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға қосымша қаражат бөлу мәселесі әлі пысықталып жатыр деді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық агро өнеркәсіптік кешеннің орнықтылығын сақтап қалу қажеттілігін ескере отырып, қазіргі уақытта республикалық бюджетті нақтылау кезінде агро өнеркәсіптік кешенді субсидиялау қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталуда», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.