$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елорда маңында пойыз бір үйір жылқыны қағып кетті

Жылқыларды қараусыз қалдырған малшыға қатысты хаттама толтырылды

Елорда маңында пойыз бір үйір жылқыны қағып кетті
Фото ашық дереккөзден

Елорда маңында пойыз бір үйір жылқыны қағып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, оқиға 18 наурыз күні сағат 03.00 шамасында елордадан 64 шақырым қашықтықта орналасқан «Еркіншілік-Сарыоба» аралығында болған. Жүк пойызының машинисі қараңғы уақытта темір жол бойында жүрген малды бірден байқамай, 20 бас жылқыны қағып кетті.

Тексеру барысында көлік полицейлері 44 жастағы малшыны анықтады. Ол түнгі уақытта жылқыларды қараусыз қалдырған. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 559-бабына (теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу) сәйкес хаттама толтырылды.

 

Серіктес жаңалықтары