$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

15 мың жас қазақстандық «Жаңа Қазақстан» қозғалысын қолдады

16 наурызда қоғам және бизнес өкілдері «Жаңа Қазақстан» қоғамдық жастар қозғалысын құру туралы жариялады

15 мың жас қазақстандық «Жаңа Қазақстан» қозғалысын қолдады

Алматыда «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» жастар фестивалі өтті. Жас қазақстандықтар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Алматы Арена» алаңында өткен іс-шараға жүздеген жастар қозғалысының белсенділері – өнер қайраткерлері, спортшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, жас кәсіпкерлер мен студенттер қатысты.

Фестиваль-концерттің бастамашылары мен демеушілері бизнесмен, меценат Сырымбек Тау және оның жолдастары болды. «Жаңа Қазақстан» жастар қозғалысын шығармашыл жастар өкілі Оңдасын Құлымбет, G-38 студенттер қозғалысының негізін қалаушы Айсұлу Ерниязова, кәсіби боксшы Жанқош Тұраров және басқа да белсенді жастар өкілдері қолдады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз» деп атап өтті.

Жастар фестивалінің қатысушысы-халықаралық білім беру корпорациясының бірінші проректоры Қайыржан Меңдіғалиев Президенттің бастамаларын қолдайды. Ол «Жаңа Қазақстан» қозғалысы жігерлі және сапалы жұмыс істеуге ұмтылатын жастарға көмектесе алады деп санайды.

«Мен іс-шараға студенттермен бірге  «Жаңа Қазақстан» бастамасын қолдауға келдім. Бүгін біз бәріміз  Президентіміз-Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төңірегіне біріктік.  Оның идеялары, реформалары, Жолдауы  айналасында. Қымбатты достар, бүгінде  біздің Президентіміз айтқандай – «Біздің күшіміз – бірлікте» Осы күрделі кезеңде еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігі сияқты құндылықтар бірінші орынға шығады», – деп атап өтті Қайыржан Меңдіғалиев.

Қазақстан-Британ техникалық университетінің проректоры Екатерина Смолякова: «Біз ұлы жетістіктердің алдында тұрмыз. Болашағымыз бүгін басталады. Қазіргі жастар білім мен инновацияға, нақты мақсаттарға ұмтылады. Мен жаңа Қазақстанды құра алатынымызға сенімдімін. 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында Президент: «Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын», – деді. Сондықтан біздің жарқын болашағымыз бүгіннен басталады. Жаңа Қазақстан – бұл біз!» деп атап өтті.

Әнші Бағлан Әбдірайымов прогрессивтілікті, өзін мен әлемді өзгертуге дайындықты сөзбен емес, іспен дәлелдеуге шақырды.

«Жастар өз уақыттарын дұрыс пайдаланып, оны игі істерге жұмсаулары тиіс. Ел мен ұлттың болашағы жастарға тікелей байланысты. Бізге білімді және қазақстандықтардың патриот  ұрпағы, жаңа Қазақстанның даму драйвері болу қажет. Өз сөздерінің бірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың қозғаушы күш екенін, зор әлеуетін атап өтті. Біз бұл  межені көтеруіміз керек!», – деді танымал орындаушы.

Еске салсақ, 16 наурызда қоғам және бизнес өкілдері «Жаңа Қазақстан» қоғамдық жастар қозғалысын құру туралы жариялады. Бұл ұйым, қозғалыс бастамашыларының айтуынша, тек Алматыда ғана емес, өңірлердегі ЖОО студенттерімен жұмыс істейтін болады. Осы  қозғалыстың құрметіне орай оңтүстік астананың жастарын біріктірген «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» фестивалі өтті.

Серіктес жаңалықтары