$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ер адам пәтер жөндеймін деп бүтін бір тұрғын үй кешенін алдап кетті

Сот күдіктіге қатысты кепіл құқығынсыз қамауға алуға санкция берді

Алматыда ер адам пәтер жөндеймін деп бүтін бір тұрғын үй кешенін алдап кетті

Алматыда тұрғын үйдің тұрғындарын алдаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғын үй кешенінің тұрғындары ұжымдық арызында келісім-шарт бойынша пәтерлерді жөндеуге уәде берген П.есімді азаматтың өз міндеттерін орындамай, алдап кеткенін көрсеткен.

«Бұл деректі аумақтық бөлінісі бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі өндіріске қабылдады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Павлов есімді азамат ұсталды және күдікті деп танылды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот кепіл құқығынсыз қамауға алуға санкция берді. Қазіргі уақытта істің мән-жайын және басқа да ықтимал эпизодтарды анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Серіктес жаңалықтары