Боранбаев ұсталды: Қазақстанда енді «Спутник V» вакцинасы өндіріле ме?

2021 жылы жалпы вакцина сатып алу үшін бюджеттен  88 млрд теңге бөлінген

Боранбаев ұсталды: Қазақстанда енді «Спутник V» вакцинасы өндіріле ме?
Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, Қайрат Боранбаев бақылауда ұстаған «Қарағанды фармацевтикалық кешені» үкімет алдындағы міндеттемесін толық орындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қайрат Боранбаевты аса ірі мөлшерде қаражат ұрлады деген айыппен ұстаған болатын. Қазақстанда өте ірі компаниялары бар бизнесмен ресейлік «Спутник V» вакцинасын шығару үшін бюджеттен де қаражат алған.

БАҚ өкілдері Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан Боранбаевтың ұсталуына байланысты «Спутник V» вакцинасының өндірісі қалай жүзеге асатынын сұрады.

«Бұл (Қарағанды фармацевтикалық кешені - агенттік) жекеменшік компания. Оның тағдыры қандай болатынын мен бімеймін. Бұл жекеменшік компанияға Денсаулық сақтау министрлігінің түк қатысы жоқ. Компания ДСМ алдындағы жауапкершлігін толық орындады», - деп мәлім етті Ғиният.

Ғинияттың айтуынша, ДСМ толық көлемде елге керек вакцинаны сатып алып қойған. Ал Қарағанды кешеніне бөлінген қаражат туралы сұраққа жауап берген министр жалпы вакцина өндірісіне бөлінген қаражатты ғана айта алды.

«Қазір қолымда кешенге бөлінген қаражаттың көлемі туралы ақпарат жоқ. Жалпы ақпаратты айтсам, 2021 жылы жалпы вакцина сатып алу үшін бюджеттен  88 млрд теңге бөлінген, оның ішінде 63 млрд теңге «Сптуник V» вакцинасын алуға, «QazVac» вакцинасын сатып алуға 5,9 млрд теңге, «Коронавак» спутниігін сатып алу үшін 3,5 млрд теңге және Қытайдың Sinopharm вакцинасын сатып алу үшін 15 млрд теңге бөлінген», - деп мәлім етті ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы ең бай 50 адамның бірі болған Қайрат Боранбаевтың ауқаты шамамен 500 млн долларға бағаланып жүрді. Оның «Қайрат» футбол клубы, Fitnation фитнес клубы, «Рахат Палас», Comfort Hotel Astana қонақ үйлері бар. Сондай-ақ, ол әлемдегі танымал  McDonalds брендінің франчайзинін Қазақстан мен Ресейге әкелген адам. Бұлардан өзге, Боранбаев Алматыдағы Esentai Mall, Esentai Tower бизнес орталықтарын, «Алмалы» сауда орталығын бөліп басқарады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.