$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Енді жүкті әйелдерден босанар алдында ПТР тест талап етілмейді

Жүкті әйелдерге серіктес болып кіретін адамдардан да ПТР талап етілмейді

Енді жүкті әйелдерден босанар алдында ПТР тест талап етілмейді

Бұл туралы карантинді жеңілдету тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының елдегі эпидауахалды тұрақтандыру және карантинді жеңілдету туралы тапсырмасын орындады. Қазір шамамен күніне 100 жағдай тіркеледі. Бұл жақсы», - деді Ажар Ғиният.

Осыған байланысты, Ажар Ғинияттың айтуынша, коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірқатар карантиндік шараларды жойып отыр. Өйткені, Қазақстан мен оның барлық аймағы қазір «ықтимал жасыл» аймақта.

«Тұмау белгілері болмаса, жүкті әйелдерден, науқас балаларымен ауруханаға жататын адамдардан ПТР тест сұралмайды», - деп мәлім етті Ғиният.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, әскерге баратын, ауруханадағы туыстарына кіретін, жүкті әйелдерге серіктес болып кіретін адамдардан да енді ПТР тест талап етілмейді.

Серіктес жаңалықтары