ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Қытайдағы белгісіз індеттен үшінші адам көз жұмды

Вирусты жұқтырғандар саны 200-ге жетті

Қытайдың Ухань қаласында пайда болған жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны өсіп келеді. Ал, аурудан осымен үшінші адам қайтыс болды деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрігерлер 18 қаңтарда ауру жұқтырудың 59 жаңа дерегі тіркелгенін, ал, 19 қаңтарда олардың қатары тағы 77 науқаспен толыққанын айтып отыр. Ауырғандардың 66 – ер адам, 70 – әйелдер. Ең жасы 25-те болса, ең кәрісі 89 жаста,

«19 қаңтар кешкі сағат 22:00 уақытына дейін Ухань қаласында жаңа коронавирусты жұқтырған 198 адам тіркелді. Олардың 25-і ауруханадан емделіп шықты, 35-нің жағдайы ауыр, тоғыз адам хал үстінде жатыр. Ал, үш науқас көз жұмды. Қалғандарының жағдайы бірқалыпты», - делінген қалалық денсаулық сақтау комитеті таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, вирус жұқтырған науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 817 адамның 727-сі медициналық бақылаудан шығарылды. Қалған 90 адам әлі де болса дәрігерлер қарауында.