Туыстарын өлтіремін деп қорқытқан жігітті тоқтатпақ болған полицей қаза тапты

Оқиға Қостанай облысында болған

Фото: баспасөз қызметінен

Туыстарын өлтіремін деп қорқытқан жігітті тоқтатпақ болған полицей қаза тапты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіне слітеме жасап.

Қайғылы оқиға Қостанай облысының Тобыл қаласында болған. Патрульдік полиция экипажы отбасылық жанжалға байланысты түскен қоңырау бойынша барған. Бұзақыны ұстау кезінде полицей кеуде тұсына ауыр жарақат алып, қайтыс болған. 

Қайтыс болған полицейдің есімі - Дархан Базарбаев. Ол әріптесі Амангелді Сыздықовпен бірге мекен-жайға алты минутта жеткен. Тобыл қаласындағы екіпәтерлі үйдің бір бөлігінде бұрындары сотталған 28 жастағы жігіт тұрған, ал екінші жартысында оның әпкесі күйеуімен және баласымен тұрған. Мас күйде бұзақы оларды өлтіремін деп қорқытқан. Ол пышаққа жүгірген уақытта, туыстары есікті жауып, полицияға қоңырау шалған. Дархан Сыздықов бұзақыны қарусыздандырған, алайда өзі жарақат алғанын білмей қалған. Бұзақының туыстары қауіпсіз екеніне көз жеткізген уақытта ғана, ол өзінің жарақатына назар аударған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 1995 жылғы сержанттың қайтыс болғанын айтқан. Полицейдің төрт айлық баласы қалды. 

«Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асырып өлтіру») бойынша жүріп жатыр. Қостанай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері сержант Дархан Базарбаевтың қайғылы өліміне байланысты аза тұтып жатыр», - делінген Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Загрузка новостей...
Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты