$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Йеменде 17 млн адам аштықтан қырылуы мүмкін

Қазір шұғыл көмек көрсетілмесе, бұл сан жазда 19 миллионнан асуы мүмкін

Йеменде 17 млн адам аштықтан қырылуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Йеменнің 17 млн тұрғынына аштықтан қырылу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қазір шұғыл көмек көрсетілмесе, бұл сан жазда 19 миллионнан асуы мүмкін. Бұл мәліметті де Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірді. Халықаралық қауымдастық өкілдерінің айтуынша, көмектесуші тараптардың назары соңғы жылдары коронавирус індетіне, Ауғанстандағы дағдарыс пен Украинадағыс соғыс зардабына ауып кеткен. Осыған байланысты Йемен халқына беріліп келген азық-түлік пен дәрі-дәрмек көлемі қысқарды. Йеменге бидайдың 30 пайызы Ресей мен Украинадан келетін. 

Естеріңізге сала кетейік, араб мемлекетіндегі қарулы қақтығыс 7 жылдан бері жалғасып келеді. Оппозициялық хусит жасағы елдің астанасы Сана мен көптеген аумақтарды басып алған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#аштық #Йемен