$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сайлау алдындағы уәдесін орындамаған депутаттың мандатын кері қайтаруға болады – Президент

Бұл халық қалауларына ықпал етудің тағы бір жолы

Сайлау алдындағы уәдесін орындамаған депутаттың мандатын кері қайтаруға болады – Президент
Фото ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына Жолдауында сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделіне көшуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жаңашылдық жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады.

«Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Жаңа үлгі көзқарасы әртүрлі азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аудандар мен қалалардағы сайлауларды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынамын. Бұл жүйе жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастырады. Оған қоса елдің алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады. Императивті мандатқа көшуде депутаттардың сайлаушылармен өзара байланысын нығайта түседі.

Бір сөзбен айтқанда, енді сайлау алдында уәдесін бермеген депутаттың мандатын кері қайтаруға болады. Бұл халық қалауларына ықпал етудің тағы бір жолы», - деді Президент.

Президенттің сөзінше, прапорционалды және мажоритарлы жүйе қатар қолданылса, саяси партиялардың рөлі сақталады. Олар еліміздегі азаматтық қоғамның басты институттарының бірі ретінде қала береді. Сонымен бірге, бұл жүйе сайлауды әділ өткізуге және мемлекетті тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары