Президенттің жақын туыстары енді биліктегі лауазымдарға отыра алмайды
Тоқаев билік жоғары лауазымды адамдардың қолында ғана болса, оған жақын адамдар мен олигархтардың ықпалы мықты болатынын айтты

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысы өз сөзінде атап өткендей, Конституцияға тиісті өзгерістер енгізіп, президенттің жақын туыстарын жоғары лауазымды қызметке тағайындауға жол бермейтін өзгеріс енетінін айтып өтті.
«Қанды қаңтар» оқиғасынан түйген ең маңызды сабақ – мемлекет ішінде билік жоғары лауазымды адамдардың қолында ғана болса, оған жақын адамдар мен олигархтардың ықпалы мықты болатынын байқадық. Дұрысында, мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін тең жағдай жасайтын гарант болу керек. Сондықтан, президенттің жақын туыстары үшін заң бойынша саяси мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда қызмет алуға тыйым салынады», - деді Тоқаев өз жолдауында.