Ойын кезінде жүрегі тоқтап қалған футболшы ұлттық құрама сапына қайта қосылды
Дания 26-29 наурыз аралығында Нидерланды мен Сербияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді
Еуро-2020 турнирі кезінде жүрегі тоқтап қалған жартылай қорғаушы Кистиан Эриксен ұлттық құрамасына қайта шақырту алды, деп жазады Vesti.kz.
Дания 26-29 наурыз аралығында Нидерланды мен Сербияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойындарға қатысу үшін Эриксен ұлттық құрамасына шақыртылды.
«2021 жылдың 12 маусымында Дания мен Финлияндия арасындағы ойын кезінде Кристиан Эриксеннің жүрегі тоқтап қалған еді. Дәрігерлер алаңда бірнеше минут футболшының өмірі үшін күрес жүргізді. Тіпті алаңда оның жүрегіне массаж да жасалды», - деп хабарлайды Дания футбол федерациясы.
Кейін даниялық футболшының жүрегіне кардиовертер-дефибриллятор қойылды. Осыған байланысты ол Италияда «Интер» сапында ары қарай ойнай алмады.
Желтоқсан айында «Интер» футболшымен келісімшартты бұзды. Ал қаңтардың соңыда Эриксен ағылшындық «Бренфорд» командасына ауысты.