Қажеті жоқ: Бозымбаев Жаркенттегі резиденциясынан бас тартты

Azattyq Rýhy

Өңір басшысы ғимаратты балаларды оңалту орталығы етуді ұсынды

 
Қажеті жоқ: Бозымбаев Жаркенттегі резиденциясынан бас тартты

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жаркент қаласындағы резиденциясын балаларды оңалту орталығы етуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Панфилов ауданында аудан тұрғындарымен кездесу өткізген Қанат Бозымбаев осындай мәлімдеме жасаған.  

«Жаркент қаласында облыс әкімінің резиденциясының жер көлемі – 1 гектар. Маған сол резиденцияның қажеті жоқ. Ауданда қонатын жап-жақсы қонақүйлер бар. Тамақты дәмді дайындайтын дәмханалар көп. Сондықтан резиденцияны балаларды оңалту орталығына өткізіп беремін. Бұл баласының өмір сүруі үшін әр сәтін күреспен өткізіп жатқан, ерекше балаларды бағып-қағып отырған ата-анаға өте керекті орталық болар еді деп ойлаймын», - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Айта кетерлігі, Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы 2013 жылы салынған. Бір қабатты ғимараттың көлемі – 910 шаршы метр. Жер аумағы – 1 гектар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.