$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда салтанатты тойхана Халыққа қызмет көрсету орталығына айналды

ХҚКО-ға айналған тойхананың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды

Алматыда салтанатты тойхана Халыққа қызмет көрсету орталығына айналды

Алматы қаласындағы үлкен тойхананың бірі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ХҚКО-ға айналған тойхананың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

«Құлжа тасжолындағы мейрамханалардың бірі халыққа қызмет көрсету орталығына айналды. Тойхана енді өзекті емес сияқты», - дейді видео авторы.

«Азаматтарға арналған үкімет» бұған дейін мамандандырылған №5 ХҚО Жетісу базарының ғимаратында жұмыс істегенін жеткізді.

Ғимарат ескі және талапқа сай болмағандықтан тұтынушылардан шағым көп түскен.

Сондықтан Құлжа тасжолының бойында орналасқан ыңғайлы ғимаратқа көшіру туралы шешім қабылданды.

«Жаңа ғимараттың 200 көлікке арналған тұрағы бар. Барлық санитарлық талаптар мен нормаларға сай. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандус бар. Айта кету керек, ғимарат тегін жалға беріледі, филиал тек коммуналдық шығындарды өтейді»,- деп хабарлады мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары