$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2020, 15:50
Жаңалықтар

IATA Bek Air әуе компаниясынан таңбалау кодын қайтарып алды

IATA Bek Air әуе компаниясынан таңбалау кодын қайтарып алды
Фото: ашық дереккөзден

Халыаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Bek Air әуе компаниясынан таңбалау кодын қайтарып алды. Бұл туралы қазақстандық авиакомпания сайтында жарияланған IATA хатында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Компания кодқа ие болу үшін IATA талаптарына сәйкес келмейтінін өкінішпен хабарлаймыз», - делінген хатта.

Сонымен қатар хатта 60 күннің ішінде қажетті тексеру шаралары жүргізілгеннен кейін әуе компаниясы үшін код қолжетімді болуы мүмкін екендігі айтылған.

IATA коды - халықаралық әуе көлігі қауымдастығының авиакомпанияларға беретін екі немесе үш таңбалы жеке идентификаторы. Кодтарды авиакомпаниялар, билеттерді сату жөніндегі агенттік, билеттерді броньдау жүйелері және жолаушылар авиациялық тасымалдау саласындағы коммерциялық қызметке байланысты ақпараттар беру үшін өзге де кәсіпорындар пайдаланады.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан Бекэйр компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Bek Air