$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда азық-түлік, оның ішінде қант өндірісі тоқтамайды – министрлік

ҚР Сауда және интеграция министрлігі халықты кезекті рет сабырға шақырды

Қазақстанда азық-түлік, оның ішінде қант өндірісі тоқтамайды – министрлік
Фото: currenttime.tv

Қазақстанда азық-түлік өндірісі тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылып отырады. Осылай деген ҚР Сауда және интеграция министрлігі халықты сабырға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілерде кейбір азық-түлік тауарларының, соның ішінде қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарады. Дүрбелең сұраныстың артуына және базарда алыпсатарлық фактісінің туындауына алып келді. Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі ажиотажға ерік бермеуге шақырады.

«Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылып отырады. ҚР АШМ дерегі бойынша жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.

Жедел деректер бойынша республика бойынша барлығы 1,5 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон – 21,3 мың тонна және 1 млн тонна көкөніс өнімдері және тағы басқалары», - делінген министрлік хабарламасында.

Атап өтілгендей, елде қант тапшылығы жоқ.

«Қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады.

Сондай-ақ қазіргі уақытта Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетпен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар (ӘМАТ) бағасын көтеру фактісі бойынша, сондай-ақ Маңғыстау және Алматы облыстарында тыңайтқыш өндіруге қатысты анықтау жұмысы жалғасып жатыр», - деді ведомстводан.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, Ақмола облысында нан өндірушіге және Жамбыл облысында қант зауытына қатысты 2 тергеу аяқталды. Бұған дейін жасалған 8 хабарламаға сәйкес өнім бағасы (Қостанай облысында – 5 және СҚО – 3) төмендетілді. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі жасалды. ӘМАТ сауда үстемесі 15-тен 10% дейін төмендетілді.

Айта кетсек, қантқа қатысты дүрбелең Ресейдің 2022 жылдың 31 тамызына дейін қант экспортына уақытша тыйым салуымен байланысты туындады.

Серіктес жаңалықтары