Қызылорда облысында жасы жүзден асқан 29 қария бар
Олардың басым бөлігі – батыр аналар
Қос ғасыр куәгерлері әлі де тың. Мысалы, 102-ші көктемін қарсы алу бақыты бұйырған санаулы кейуананың бірі – Арал ауданында тұратын Күлмаш Жүрсінбаева, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Өткен ғасырдағы аштық, соғыс зұлматын көріп, бертін келе сауда-саттық саласында тер төккен еңбек және тыл арадагері есеп-қисапқа әлі де жүйрік. 102-ге толған Ілия әжейді де күллі Қазалы жұрты қадір тұтады. Қос ғасыр куәгерінің жастық шағы соғыс кезімен қатар келіп, тылда тынбай еңбек етті. Өнегелі әулеттің отын маздатқан шамшырақ ана бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір сүріп келеді.
Жалпы Сыр өңірінде жүз жастан асқан 29 қария болса, оның басым бөлігі – батыр аналар.
«Қиыншылықты да көрдік, айналайын, жоқшылықты да көрдік. Енді қара шаңырақта, кіші баламның қолында отырмын. Алла бердім десін, періште әумин десін. Ғаламды жарылқаған Алла балаларды да жарылқасын. Әумин!» - деп батасын берді тыл ардагері Ілия Рысқұлова.