$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

14 наурызда елімізде ауа райы қандай болады

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады

14 наурызда елімізде ауа райы қандай болады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан синоптиктері дүйсенбі, яғни 14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанның аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауады, республиканың солтүстік жартысында көбінесе қар түрінде жаяу бұрқасын, оңтүстік жартысында жаңбыр түрінде, оңтүстік, оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы аудандарында  қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Атап айтқанда, Түркістан облысының тау және таулы аудандарында найзағай ойнап, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, түнде батысында, орталығында жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз орталығында және шығысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Павлодар облысының оңтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-18 м/с дейін күшейеді.  

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын болып, түнде оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.  

Ақмола облысының шығысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, түнде шығысында, күндіз Атырау облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қызылорда облыстарының солтүстігінде тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары