Ұлттық банк айырбастау пункттері арқылы алыпсатарлықты азайту шараларын ұсынды
Ұсынылған өзгерістер сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған
ҚР Ұлттық банкі «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы реттеушісі қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдары арасындағы спредті кеңейту жобасын әзірледі.
Жоба айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын операциялар бойынша сатып алу бағамының қолма-қол шетел валютасын сату бағамынан ауытқу шектерін қолданылу мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін АҚШ доллары үшін – 6 теңгеден 15 теңгеге, еуро үшін – 7 теңгеден 20 теңгеге дейін арттыруды ұсынады.
«Ұсынылып отырған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді азайтуға, сонымен қатар валюта бағамы төңірегіндегі құбылмалылықтың күшеюіне байланысты қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған», - делінген Ұлттық банктің баспасөз хабарламасында.