Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 1 адам көз жұмды
COVID-19 вирусын жұқтырған 184 адам ауыр жағдайға жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 12 наурыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 1 адам қайтыс болды.
11 наурыздағы мәлімет бойынша, 11 394 адам коронавирус инфекциясынан (–10 339+ және 1 055 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 024 пациент стационарда, 10 370 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 184 адамның жағдайы ауыр,
- 69 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 12 наурыздағы мәлімет бойынша 20 жаңа жағдай тіркелді, 21 адам емделіп шықты, өлім жағдайы тіркелген жоқ.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 88 390;
- жазылып шыққандар саны – 89 663;
- өлім жағдайы – 5 347.