БҚО-да жер үйлердің бірінен зейнеткердің мәйіті табылды
Өлімнің алдын ала себебі - мойындағы көптеген пышақ жарақаты

Орал қаласына қарасты Зашаған кентіндегі жер үйлердің бірінен 61 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы БҚО полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, 9 наурызда кешкі сағат 18:30-да табылған зейнеткердің денесінде зорлық-зомбылық іздері болған. Өлімнің алдын ала себебі - мойындағы көптеген пышақ жарақаты.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі ("Адам өлтіру, пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша не қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқан әрекет") және 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Облыстық полиция департаментінің жеке құрамы аса ауыр қылмыс жасаған адамды іздестіріп жатыр. Полиция бастығы осы істі жеке бақылауына алды.