$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралдағы дәмханалардың бірінде ер адам екі әйелді аяусыз соққыға жығып кеткен

Полицейлер күдіктіні қолға түсірді

Оралдағы дәмханалардың бірінде ер адам екі әйелді аяусыз соққыға жығып кеткен
Фото ашық дереккөзден

Оралда 8 наурыз күні «Андеграунд» дәмханасында ер адам екі әйелді соққыға жыққан. Бұл туралы Орал қалалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екі әйел ауруханаға жатқызылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

 «8 наурыз күні сағат 05:00-де Абай даңғылы бойындағы «Андеграунд» дәмханасында ер адам бұзақылық ниетпен 1989 жылы туған азаматша С-ға және 1990 жылы туған Т-ға дене жарақатын салған», - деді Орал қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әйелдер ауруханаға жеткізілді. Полицейлер 2000 жылы туған Қ. есімді азаматты тауып, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлігімен («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Орал #әйелді ұру