10.03.2022, 11:58
Жаңалықтар
Шекарашылар Қырғызстаннан электронды темекіні заңсыз кіргізудің алдын алды – ҰҚК
Жүктің алдын ала құны шамамен 210 млн теңгені құрайды
2022 жылғы 7 наурызда шекарашылар «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) Қырғызстаннан контрабандалық өнімді кіргізудің екі фактісінің алдын алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстан азаматтарының «Вольво» және «Мерседес-Бенц» жүк көлік құралдарын Қазақстанға кірер алдындағы тексеріс барысында ілеспе құжаттары жоқ «электрондық темекінің» ірі партиясы анықталды. Жүктің алдын ала құны шамамен 210 млн теңгені құрайды.

Ұсталған тауар мен көлік құралдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)