$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Катонқарағай ұлттық паркінде 732 адамның орнына 354 адам жұмыс істейді – Сенат депутаты

Дүйсенғазы Мусин ұлттық парктегі кадр тапшылығы және өзге де мәселелерді көтерді

Катонқарағай ұлттық паркінде 732 адамның орнына 354 адам жұмыс істейді – Сенат депутаты
Фото: ашық дереккөзден

Катонқарағай ұлттық паркінің материалдық-техникалық базасы әлсіз және кадр тапшылығы бар. Бұл туралы Сенат отырсында депутат Дүйсенғазы Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оның сөзінше, нормативке сәйкес парк аумағында 732 адам жұмыс істеуі тиіс, алайда іс жүзінде 354 адам еңбек етеді. 

«Сонда әр орманшыға екі есе ауыртпалық түседі. Ұлттық парк автокөлікпен 70%, тракторлармен – 35%, басқа арнайы техникамен 4-тен 20%-ға дейін, ал инспекторларды көлікпен қамту 36% қамтамасыз етілген. Мұндай жағдайда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сапалы қорғау мен күзету мүмкіндігі аз»,- дейді депутат.

Бұған қоса, вахталық әдіспен жұмыс істейтін орманшыларға басқа вахташылар сияқты далалық жабдықтау ақшасы төленбейді. Өйткені, орман шаруашылығының қызметкерлері мұндай төлемге құқығы бар қызметкерлер санатының тізбесіне кірмейді.
 

Серіктес жаңалықтары