Қызылордада 5 мыңнан астам қару иелері тексерілді

Azattyq Rýhy

Аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда

Қызылордада 5 мыңнан астам қару иелері тексерілді
polisia.kz

Қызылордада 5 мыңнан астам қару иелері тексерілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес 4 ақпаннан бастап Республика көлемінде ерекше өкімге дейін “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында барлығы 5 076 қару иелері тексеріліп, 120 құқық бұзушылық анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен (Қаруды заңсыз сақтау, алып жүру, тасымалдау) заңсыз айналымнан барлығы 27 қару тәркіленген.

 ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен (Қаруды сақтау ережесін бұзу) 38 азаматқа және 486-бабымен (қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) 55 азаматқа әкімшілік шаралар көрілді. Мысалы, 17 ақпан күні сағат 23:10 шамасында Бала би ауылының шетінде күдік тудырған 38 жастағы тұрғынды тоқтатқан. Тексеру барысында ол өзімен бірге ІІО-да тіркеуде жоқ бір ұнғылы 12 калибрлі аңшы мылтығын алып жүргені анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

Аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.