$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресей шекарасына дейінгі республикалық автожол шұрық-тесік күйде жатыр

Тұрғындар күре жолдың күрмеулі мәселесі тезірек шешілгенін қалайды

Ресей шекарасына дейінгі республикалық автожол шұрық-тесік күйде жатыр
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында жол сапасы жыр болды. Ресей шекарасына дейінгі республикалық автожолдың жағдайы сын көтермейді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

 Күре жол ұзақ жылдан бері, шұрық-тесік күйде жатыр. Үгітілген асфальт, қар ерігенде түгі қалмайтын түрі бар. Тұрғындар талай мәрте шағым айтып келеді. Бірақ нәтиже жоқ. 

 «Подстепное-Фёдоровка-РФ шекарасы» бағытындағы республикалық автожолдың ұзындығы 144 шақырым. Күре жолдың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Әсіресе трассаның Орал мен Ақсай қалалары арасындағы бөлігінде көлік ағыны бір сәт толастаған емес. Жол өткен ғасырдың 70-жылдары салынған. Содан бері жамау жұмыстары ғана болмаса, күрделі жөндеу мүлде жүргізілмеген. Дәл қазір асфальт деген аты ғана бар.

«Қазавтожол» өкілдері трассаны жөндеу үшін былтыр жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілгенін айтты. Сапасы жағынан бұл күре жолды 3-санаттан екіншіге көтеру көзделген. Алайда ұлттық компанияның филиал директоры жоба құны мен мерзімін дөп басып айтпады.

Тұрғындар күре жолдың күрмеулі мәселесі тезірек шешілгенін қалайды. Әйтпесе шұрық-тесік асфальттың енді бірер жылдан кейінгі күйін елестету қиын.

 

Серіктес жаңалықтары