Жаңатастағы тұрғын үйлердің бірінен Калашников автоматтары табылды
Қазір осы дерекке қатысты іс қозғалып, тергеу басталды
Жамбыл облысының тұрғыны қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақты үйіне жасырған. Калашников автоматтары Жаңатас қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тәртіп сақшылары тінту барысында күдіктінің пәтерінен 3 автомат пен 100 ден аса оқ-дәрі және бір газдан қорғанатын құрал тәрікілеген. Құзырлы орын өкілдері бұл қару-жарақтың бәрі полиция департаментінің қоймасынан тоналған дейді. Бұл іске тағы екі жергілікті тұрғынның қатысы бары анықталды. Олар қандай мақсатта қаруларды үйде сақтағандарын түсіндіре алмаған. Қазір осы дерекке қатысты іс қозғалып, тергеу басталды. Ал күні бүгінге дейін бұзақылардың қолында кеткен 300-ден аса қару кері қайтарылған.