$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе ауылдарын су басуда

Бұған күн райының күрт жылынуы және жаңбырдың толассыз жаууы себеп

Ақтөбе ауылдарын су басуда
24.kz

Ақтөбе облысының Ойыл ауданына қарасты Көптоғай ауылына су жайылды. Күн күрт жылынып, артынша жауын селдеткен. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үйлерге ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтады. Себебі жергілікті тұрғындар өз күштерімен ауыл іргесіне келген суды өзенге қарай бұрған. Жалпы, бұған ауыл жұрты қамығып отырған жоқ. Қайта қуанышты. Өйткені соңғы он жылда жақын маңдағы көлдер әбден тартылып, табаны кеуіп қалған. Халық биыл қар қалың түсті әрі жердің тоңы тоғандардың толуына сеп болады деп үміттеніп отыр.

«Жергілікті атқарушы органдар барып, кеңейту үшін жолды ашқан. Ашқан бойда судың деңгейі түскен. Толығымен сол су ашқан жермен өтіп шықты. Енді басына біздің қызметкерлер барды. Елдімекеннің тұрғындарына төнген қауіп жоқ. Судың барлығы екі көшенің бойымен ағып кетті өз бағытына», - деді облыстық ТЖД басқарма басшысы Құмар Тұрмағамбетов.

 

 

Серіктес жаңалықтары